jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізгісі келетінін айтты

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

    UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін қашан өткізгісі келетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мен Рамазан айына дейін бір жекпе-жек өткізу үшін ақпанның ортасында немесе соңында жұдырықтасқым келеді. Содан кейін қасиетті оразаны алаңсыз ұстауға болады", - деді Алмабаев.

    Тағы бір қазақстандық файтер Азат Мақсұмды жеңген америкалық файтер Чарльз Джонсон Асу Алмабаевпен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеген еді. Бұл ұсынысқа Алмабаев қалай қарайтынын айтты.

    "Егер Джонсонмен жекпе-жекке шығарса, әрине, келісеміз. Мен ешқашан бас тартпаймын. UFC берген бүкіл жекпе-жекті қабылдадым, рейтингке де қарамадым. Бірақ қазіргі уақытта мен рейтингте жетінші орында тұрмын және Ройвелмен кездескім келеді. Десе де маған бәрібір", - деді қазақстандық файтер.

    Еске салайық, Асу Алмабаев соңғы рет октагонға қазанда шығып, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 245 турнирінде өнер көрсеткен еді. Ол бразилиялық файтер Матеус Николауды төрешілердің бірыңғай шешімімен ұтып, UFC-де төртінші рет жеңіске жетті.

    Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізгісі келетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.