jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: Ислам Махачев пен Арман Царукян арасындағы жекпе-жек уақыты белгілі болды

    Ислам Махачев
    Ислам Махачев. Фото: Giuseppe Cacace / Getty Images

    UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачевтің рейтингте бірінші орында тұрған Арман Царукянға қарсы жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC-дің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жеңіл салмақтағы қос спортшының жекпе-жегі келесі жылы 18 қаңтарда өтеді және Лос-Анджелестегі (АҚШ) UFC 311 турнирінің басты оқиғасы болады. Махачев жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын төртінші рет қорғамақ. Ол Царукянмен екінші рет күш сынасқалы отыр.

    Махачев пен Царукянның алғашқы жекпе-жегі 2019 жылдың сәуірінде UFC Fight Night 149 турнирінде өтті және Махачевтің жеңісімен аяқталған еді. Царукян аралас жекпе-жегіндегі мансабында 22 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте жеңілген. Ал Махачевтің рекорды – 26-1.

    Cондай-ақ UFC 311 турнирінде чемпиондық жекпе-жек болады. Ең жеңіл салмақтағы титул иегері Мераб Двалишвили бірінші рет белбеуін дивизиондағы екінші нөмірлі спортшы Умар Нурмагомедовке қарсы кездесуде қорғайды. Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі Умар биыл наурызда қазақстандық Бекзат Алмаханға қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

    Ресми: Ислам Махачев пен Арман Царукян арасындағы жекпе-жек уақыты белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.