jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри жекпе-жек алдында көз түйістірді (видео)

    Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри
    Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    Жеңіліп көрмеген қос UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмонов пен Ирландия спортшысы Иэн Гэрри жекпе-жек алдында көз түйістірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 310 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістіру рәсімін өткізді. Бұл сәттің видеосын UFC промоушенінің президенті Дана Уайт Instagram-дағы парақшасында жариялады.

    Айта кетейік, Рахмонов пен Гэрри арасындағы жекпе-жек 8 желтоқсанда таңертең UFC 310 турнирінде болады. Олардың бәсекесі 5 раундқа жоспарланған. Екеуі де бұған дейін аралас жекпе-жекте мүлде жеңіліп көрмеген. Гэрридің рекорды – 15-0 болса, Рахмоновтікі – 18-0.

    Қазақстандық файтер соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында жекпе-жек өткізіп, америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал Иэн Гэрри үшін алдағы кездесу оның биылғы үшінші жекпе-жегі болмақ. Ол ақпанда америкалық Джефф Нилді, ал маусымда британиялық Майкл Пэйджді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram