jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде ирландиялық файтерді жеңді (видео)

    Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри
    Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінде қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен кездесті. Бес раундқа жоспарланған бұл жекпе-жекте Шавкат Рахмонов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ Белал Мухаммад инфекция жұқтырып алып, кездесу өтпейтін болды.

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. Шавкат MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен.

    Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде ирландиялық файтерді жеңді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.