jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов кездесуден бас тартқан UFC чемпионымен октагонда көз түйістірді (видео)

    Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов
    Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    UFC жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновпен көз түйістірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 8 желтоқсанда Шавкат Рахмонов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен кездескен болатын. Бес раундқа жоспарланған кездесуде Шавкат Рахмонов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Осы кездесу аяқталғаннан кейін октагонға UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад көтеріліп, Шавкат Рахмоновпен көз түйістірді.

    "Мен бұл жекпе-жекке қатты толқып тұрмын. Жанкүйерлер мені қолдамаса да, сіздер жылайтын боласыздар", - деді Белал Мухаммад.

    "Жекпе-жекке дайындал, бұл жолы жарақатсыз кел", - деп жауап қайтарды Шавкат Рахмонов.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ Белал Мухаммад инфекция жұқтырып алып, кездесу өтпейтін болды.

    Шавкат Рахмонов кездесуден бас тартқан UFC чемпионымен октагонда көз түйістірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.