jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: Шавкат Рахмонов кезекті жеңісінен соң UFC рейтингінде көтерілді

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов
    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа рейтингінде бір сатыға көтерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Шавкат Рахмонов жаңа рейтингте дивизионның бұрынғы чемпионы Камару Усманды басып озып, екінші орынға шықты. Қазір Рахмонов тек жартылай орта салмақтағы UFC белбеуінің иегері Белал Мухаммад пен британиялық Леон Эдвардстан төмен тұр.

    Жаңартылған рейтингте Шавкат Рахмоновтың бұрынғы қарсыластарының да орындары өзгерді. Джефф Нил оныншы позицияға көтерілсе, Стивен Томпсон он бірінші орынға табан тіреді.

    Еске салайық, Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен жекпе-жекке шығып, қарсыласынан төрешілердің бірыңғай шешімімен басым түскен еді. Бұл оның аралас жекпе-жектегі 19, ал UFC-дегі 7-жеңісі болды.

    Ресми: Шавкат Рахмонов кезекті жеңісінен соң UFC рейтингінде көтерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.