jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: Асу Алмабаев UFC-дің жаңартылған рейтингінде төмендеді

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақтағы жаңартылған рейтингінде бір саты төмендеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC-дің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    UFC өзінің ресми сайтында барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев рейтингте бір сатыға төмендеп, 8-орынға жайғасты.

    Бұл дивизиондағы өзгерістер UFC on ESPN 63 турнирінде Манел Кейптің жеңісінен кейін болды. Португалиялық Манел Кейп осы жеңісінің арқасында бірден үш сатыға көтеріліп, қазіргі таңда 6-орынға тұрақтады.

    Ал осы салмақта бразилиялық жауынгер Александр Пантожа рейтингте көш бастап тұр.

    Сондай-ақ Шавкат Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмақта да өзгерістер орын алды. Америкалық Хоакин Бакли 9-орыннан 6-орынға көтерілсе, оның қарсыласы Колби Ковингтон 9-орынға төмендеді.

    Ал Шавкат Рахмонов бұл дивизионда 2-орынға табан тіреген. Ал америкалық-палестиналық файтер Белал Мухаммад жартылай орта салмақтың көш басында тұр.

    Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-дегі дебютін 2023 жылдың тамыз айында Одди Осборнды тұншықтыру әдісімен жеңіп бастаған болатын. Биыл ол бірінен кейін бірін СиДжей Вергараны, Хосе Джонсонды және Матеус Николауды төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

    Ресми: Асу Алмабаев UFC-дің жаңартылған рейтингінде төмендеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.