jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Семей кәсіпкерлері Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевқа көлік сыйлады

    Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев
    Семейдегі ММА турнирі: http://instagram.com/nurbekkarabala

    Семейде өткен ММА турнирі барысында қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдыздары Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевқа бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. 



    Қазақстандық аралас жекпе-жектің танымал өкілдері Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев Семейге ММА турниріне барған. "Найза" лигасының жетекшісі Нұрбек Қарабала өзінің Instagram-дағы парақшасында оларға тосын сый жасалғанын мәлімдеді.

    "Семей қаласының кәсіпкерлері Шавкат пен Асуға бір-бір көлік сыйлады", - деп жазды Нұрбек Қарабала әлеуметтік желіде.

    Жақында Шавкат Рахмонов АҚШ-та өткен жекпе-жекте төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. Отандық файтер сол жолы өзінің спорттық мансабында рекордтық гонорарға қол жеткізді – 1 млн АҚШ долларынан астам табыс тапты.

    Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың өзі бапкері Баян Жанғаловқа автокөлік сыйлағанын жазған болатынбыз. Жанғаловтың жетекшілігімен Рахмонов MMA-дан әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанды, M-1 Global лигасында чемпион атағын жеңіп алды және UFC-де өнер көрсете бастады.

    Семей кәсіпкерлері Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевқа көлік сыйлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.