jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Оп-оңай жеңеді": Нұрқожа Қайпанов файтер Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионына қарсы мүмкіндігін бағамдады

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы жекпе-жегі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Шавкат – жан-жақты спортшы. Ол бокста да, күресте де басымдыққа ие. Менің ойымша, Шавкат Белал Мухаммадты оп-оңай жеңеді. Иэн Гэрриге қарсы жекпе-жекте кейбір қиындықтар болғаны белгілі. Соған қарамастан, Шавкат өз шеберлігін толық көрсетті және жеңісті қолдан бермеді. Шавкат – мықты спортшы. Мен оның Қазақстанның атын әлемге танытып, туымызды көтеретініне сенімдімін", - деді Нұрқожа Қайпанов.

    Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінде екінші орында тұр. Ал палестиналық-америкалық Белал Мухаммад осы салмақтағы рейтингте көш бастап тұр.

    Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ Белал Мухаммад инфекция жұқтырып алып, кездесу өтпейтін болды.

    "Оп-оңай жеңеді": Нұрқожа Қайпанов файтер Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионына қарсы мүмкіндігін бағамдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.