jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Өте еңбекқор": Елдос Сметовтің бапкері Шавкат Рахмоновтың шеберлігін жоғары бағалады

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы атану мүмкіндігі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Шавкатты жеке танымасам да, оның жекпе-жектерін бақылап жүремін. Әрине, ол өте еңбекқор спортшы, оның шеберлігін бүкіл әлем біледі. Шавкаттың жылдам қозғалысы – оның басты артықшылықтарының бірі. Оның жеңіске деген ерік-жігері Елдос Сметовпен тең дәрежеде. Менің ойымша, Шавкат әр жекпе-жекте жеңіске жетуге дайын", - деді Ғалымжан Жылгелдиев.

    Еске салайық, Шавкат Рахмонов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен кездескен болатын. Бес раундқа жоспарланған кездесуде Шавкат Рахмонов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Қазір Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде 2-орнында тұр. Ал бұл дивизиондағы чемпиондық белбеу Белал Мухаммадқа тиесілі.

    "Өте еңбекқор": Елдос Сметовтің бапкері Шавкат Рахмоновтың шеберлігін жоғары бағалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.