UFC президенті Дана Уайт 2024 жылдың ең жойқын жекпе-жектерін атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC басшысының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дана Уайт Instagram желісіндегі ресми парақшасында 2024 жылдың үздік жекпе-жектерінен үзінді видеолар жариялады. Оның айтуынша, бұл тізімде өткен жылдың ең әсерлі жеңістері мен бірнеше чемпиондық жекпе-жектері бар.
"Бұл – 2024 жылдың "Ең үздік жекпе-жек" аталымына үміткерлер. Сіз қалай ойлайсыз, қайсысы аталмыш марапатқа лайық?" - деп жазды Дана Уайт.
Бұл тізімге келесідей жекпе-жектер кірді:
- Илия Топурия – Александр Волкановский (UFC 298 турнирі, Илия Топурия 2-раундта нокаутпен жеңді);
- Макс Холлоуэй – Джастин Гэтжи (UFC 300 турнирі, Макс Холлоуэй 5-раундта нокаутпен жеңді);
- Алекс Перейра – Иржи Прохазка (UFC 303 турнирі, Алекс Перейра 2-раундта нокаутпен жеңді);
- Хамзат Чимаев – Роберт Уиттакер (UFC 308 турнирі, Хамзат Чимаев 1-раундта ауырту әдісімен жеңді);
- Илия Топурия – Макс Холлоуэй (UFC 308 турнирі, Илия Топурия 3-раундта нокаутпен жеңді).
Еске салайық, 2024 жылы қазақстандық жауынгерлердің ішінін Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ тағы бір қазақ файтері Асу Алмабаев былтыр 3 кездесу өткізіп, үшеуінде де төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2209731-ufc-prezidenti-2024-zhyldyng-eng-zhoiqyn-zhekpe-zhekterin-atady/