Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов (19-0) мамырда UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадпен кездеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спорт Шредингер" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздің мәліметінше, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов мамырда өтетін UFC 315 турнирінде өнер көрсетеді. Қазақстандық жауынгер бұл кеште UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммедпен (22-3) кездеседі.
UFC 315 турнирінің қай жерде өтетіні туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ.
Шавкат Рахмонов бастапқыда UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ Белал Мухаммад инфекция жұқтырып алып, кездесу өтпейтін болды.
Еске салайық, 8 желтоқсанда Шавкат Рахмонов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен кездескен болатын. Бес раундқа жоспарланған кездесуде Шавкат Рахмонов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2209968-baq-shavkat-rahmonov-mamyrda-ufc-chempionymen-zhudyryqtasady/