jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Дәлелдеуі керек": белгілі жаттықтырушы файтер Асу Алмабаевтың UFC чемпионы атану мүмкіндігін бағамдады

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

    Dar Team командасының жаттықтырушысы Эдуард Базров қазақстандық жауынгер Асу Алмабаевтың UFC чемпионы атану мүмкіндігін бағамдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    UFC аса жеңіл салмақтағы файтері Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін 1 наурызда аустралиялық Стив Эрцегке қарсы өткізеді.

    Эдуард Базровтың айтуынша, егер Асу Алмабаев бұл кездесуде жеңіске жетіп, ерекше нәтиже көрсетсе, оған дивизионның қазіргі чемпионы Александр Пантожамен жекпе-жекке шығу мүмкіндігі беріледі.

    "Асу бұл жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, көрермендерді таңғалдыра білуі керек. Не тұншықтыру әдісімен, не нокаутпен жеңуі қажет. Сонда ғана оған чемпиондық белбеу үшін күресуге мүмкіндік беріледі. Қазіргі чемпион Алексндр Пантожа аса жеңіл салмақтағы үздік 10 файтердің барлығын жеңіп үлгерді, енді тек Асу қалды. Сондықтан Асу өзін мықты жауынгер ретінде көрсетіп, чемпиондыққа лайық екенін дәлелдеуі керек", - деді Эдуард Базров.

    Еске салайық, Асу Алмабаев 2023 жылы UFC-дегі дебютінде Одди Осборнды тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Ал 2024 жылы ол Си Джей Вергараны, Хосе Джонсонды және Матеус Николауды төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

    "Дәлелдеуі керек": белгілі жаттықтырушы файтер Асу Алмабаевтың UFC чемпионы атану мүмкіндігін бағамдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.