jitsu gif
Спорт

    Ресейлік спортшы UFC-дегі жеңілісінен соң бапкерін ұрып жіберді (видео)

    Виктория Дудакова
    Виктория Дудакова. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Виктория Дудакова UFC Fight Night турнирінде жеңіліп қалғаннан кейін бапкерін ұрып жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Виктория Дудакова Лас-Вегастағы турнирде жекпе-жекке шықты. Ол әйелдер арасында 52,2 кг салмақ дәрежесінде америкалық Фатима Клейнмен жұдырықтасты.

    Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта аяқталды. АҚШ спортшысы үстемдік танытып, қарсыласының басына бірнеше соққы жасады. Ал төреші техникалық нокаут тіркеп, жекпе-жекті тоқтатты. Бұл 25 жастағы ресейлік спортшы үшін қатарынан екінші жеңіліс болды. Ол мансабында алғаш рет мерзімінен бұрын жеңілді.

    Жекпе-жек аяқталған соң октагонға Дудакованың бапкері Гасанали Гасаналиев шықты. Ол шәкіртінің жанына келіп, құшақтамақ болған кезде, спортшы оны бетінен шапалақпен ұрып жібергені трансляцияға түсіп қалды.

    "Сен тіпті келген де жоқсың. Орныңнан қимылдамай отырдың. Саған бәрібір!" - деді Дудакова.

    Ресейлік спортшы UFC-дегі жеңілісінен соң бапкерін ұрып жіберді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.