Бекзат Алмахан қарсыласын нокаутқа түсіріп, UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Спортшы Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде өнер көрсетті. Оның жеңіл салмақтағы (61,2 киллограмға дейін) қарсыласы канадалық Брэд Катон болды.
Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, мерзімінен бұрын аяқталды. Жекпе-жек басталған сәттен-ақ қазақстандық спортшы қарсыласының басынан дәл тиіп, апперкот жасады. Катон құлап түсіп, Алмаханның бұл соққысынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, жекпе-жектің екінші минутының басында 27 жастағы Алмахан қарсыласын техникалық нокаутқа түсіріп, UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Оның промоушендегі дебюттік жекпе-жегі былтыр наурызда өткен болатын. Ол кезде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық спортшы ресейлік Умар Нурмагомедовтен жеңіліс тапқан еді.
Алмахан кәсіпқой ММА-де барлығы 12 жекпе-жекте жеңіске жетіп, екі рет жеңілген.
Катон болса, мансабында алғаш рет нокаутпен жеңіліске ұшырады. 33 жастағы канадалықтың еншісінде бүгінде 14 жеңіс пен бес жеңіліс бар. Айта кетейік, Катон — The Ultimate Fighter шоуында екі рет чемпионы атанған тарихтағы жалғыз боксшы.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2243676-bekzat-almahan-qarsylasyn-nokautqa-tusirip-ufc-degi-algashqy-zhengisine-qol-zhetkizdi/