jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    4 жыл рингке шықпаған Данияр Елеусінов АҚШ-тағы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

    Данияр Елеусінов
    Данияр Елеусінов. Фото: Stephen McCarthy / Sportsfile via Getty Images

    Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-6, 17 KO) жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп жазады 1bol.kz.

    Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта-ақ аяқталды. Елеусінов қарсыласын жойқын соққылармен сұлатып түсірді. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы он үшінші жеңісі (оның сегізі нокаутпен). Ал Бэкон үшін бұл алтыншы жеңіліс болды.

    Айта кетейік, бұл Даниярдың АҚШ-тағы соңғы 4 жыл 8 айдағы алғашқы жекпе-жегі. Ол бұған дейін америкалық рингке 2020 жылдың қарашасында шығып, намибиялық Джулиус Индонгоны (24-10, 13 KO) нокаутпен жеңген болатын.

    Сондай-ақ Данияр Елеусінов өткен жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда өткізіп, филиппиндік Джо Нойнаяны (23-5-2, 11 KO) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

    4 жыл рингке шықпаған Данияр Елеусінов АҚШ-тағы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.