jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Әліби Ыдырыс UFC-дегі тарихи жекпе-жегінде жеңіліс тапты

    Әліби Ыдырыс
    Әліби Ыдырыс: Cooper Neill/Zuffa LLC

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс UFC 319 турниріндегі жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Отандық спортшы UFC 319 турнирінде америкалық Джозеф Моралеске қарсы жекпе-жек өткізді. Олар The Ultimate Fighter шоуының финалы аясында бақ сынасты. Әліби Ыдырыс аталмыш шоуда жеңіс үшін таласқан алғашқы қазақ файтері болды.

    Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған. Алайда екінші раундта америкалық спортшы отандасымызды қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.

    Айта кетейік, бұл жекпе-жектің жеңімпазы UFC-дің эксклюзивті келісімшартына ие болды.

    30 жастағы Әліби Ыдырыс кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram