jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі белгілі болды

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан және кімге қарсы өтетіні белгілі болды. Бұл туралы спортшының командасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегі 21 қарашада Доха қаласында өтеді.

    Қазақстандық спортшының қарсыласы UFC-дегі аса жеңіл салмақ рейтингісіндегі тоғызыншы тұрған америкалық файтер, бұрынғы UFC титулына үміткер Алекс Перес болды.

    Алмабаевтың командасының хабарлауынша, америкалық спортшы Асуды өзі жекпе-жекке шақырған.

    Айта кетейік, Асу Алмабаевтың соңғы жекпе-жегі 27 шілдеде Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турниры аясында өтті. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері перуандық Хосе Очоаны төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

    Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.