Еркебұлан Тоқтар АҚШ-қа кететінін айтты
Жарияланған күні:
ММА файтері әрі актер Еркебұлан Тоқтар алдағы жекпе-жегіне дайындықты АҚШ-та өткізетінін айтты. Бұл туралы ол Instagram желісінде мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Спортшы Instagram желісіндегі сторисінде Майами қаласына әуе билетін алайын деп отырған сәтінен видео жариялап, 15 қаңтар мен 15 наурыз аралығында АҚШ-тағы топ-тимдердің бірінде екі айлық оқу-жаттығу жиынын өткізетінін айтты.
Еркебұлан мұндай шешімінің себебін түсіндіріп өтті.
Спортшының айтуынша, Қазақстанда да білікті, тәжірибелі бапкерлер жетерлік. Алайда жоғары деңгейдегі дайындық тек жаттықтырушыға ғана емес, спарринг серіктестерге және жаттығу мәдениетіне де байланысты.
"Неге Америка, бізде дайындалсаң болмай ма?" деп патриоттық сезімі оянып кеткен адамдар да жазып жатыр. Мәселе кіммен дайындалып, спарринг өткізетініңде. Мен барайын деп отырған залда түгелге жуық UFC-де өнер көрсетіп жүрген кәсіби файтерлер жаттығады. Солармен бір залда дайындалу мен үшін үлкен тәжірибе. Мен олармен тез өсемін, Алматыда олай кәсіби төбелесетін спортшылар жоқ. Көпшілігі келіп қисық төбелесіп, жарақат алуыңа себеп болады. Сосын Алматыда күніне 2-3 кездесу болады, режимің бұзылады, суретке түсетіндер ойыңды бөледі. Ал Америкада тәртіппен жүресің", - деді Еркебұлан Тоқтар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2328825-erkebulan-toqtar-aqsh-qa-ketetin-aitty/