jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Отандық төреші Токио Олимпиадасында қазылық жасайтын үміткерлер қатарына енді

    Төрешілер
    Фото: olympic.kz

    Бүкіләлемдік каратэ федерациясы (WKF) Токио Олимпиадасында қазылық жасайтын үміткерлердің тізімін жасады. Ресми түрде ұсынылған 14 төрешінің қатарында Қазақстан каратэ федерациясының өкілі Асқар Молдағали да бар деп хабарлайды Olympic.kz.

    Асқар Молдағали - ката мен кумитэден толық лицензияға ие халықаралық дәрежедегі төреші. Ол өзінің жастығына қарамастан, тәжірибесі мен кәсіби шеберлігінің арқасында әлемдік федерацияның сеніміне кірген. 

    "Әрине, бұл маған ғана емес, ұлттық федерация мен жалпы Қазақстан спорты үшін жағымды жаңалық.

    Олимпиада қарсаңындағы екі жыл төрешілер үшін өте қиын өтті. ҰОК, Конфедерация мен Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, ұлттық каратэ федерациясының қолдауымен мен мүмкін болған 25 лицензиялық турнирдің бәріне қатыстым. Олимпиадалық цикл аяқталғанша атқаратын жұмыс көп. Дегенмен, мен үмітті ақтауға тырысамын", - дейді Асқар.

    ТМД елдерінің арасынан тек екі төреші ғана тізімге ілінген. Олардың бірі - Асқар Молдағали, екіншісі - Әзірбайжан өкілі.

    "Қазақстандық төрешінің Олимпиада ойындарында қызмет ететін қазылар қатарына енгені отандық Федерацияның ауызбіршілігі мен еңбегінің көрінісі. Біздің төрешілер әлемнің үздіктерімен бір деңгейде жұмыс істей алатынын дәлелдеді.

    Олимпиада қарсаңында қазақстандық команданың барлық мүшесі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір мақсат-мүдде жолында еңбек етті. Сондықтан, әлемдік ұйымнан келген бұл жаңалық бәрімізді қуантып тастады", - дейді команда бас бапкері Жасталап Санауов.

    Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ биыл Токиода өтеді деп жоспарланған жазғы Олимпиада ойындарын пандемияға байланысты кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған еді.

    Сонымен қатар Халықаралық Олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс Олимпиада ойындарын 2021 жылы өткізуге пандемия кедергі бола алмайтынын мәлімдеген болатын.

    Отандық төреші Токио Олимпиадасында қазылық жасайтын үміткерлер қатарына енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.