jitsu gif
Спорт

    Танымал боксшы Ділдәбеков басшылық қызметке тағайындалды

    Фото
    Фото: olympic.kz

    Бокстан Сидней Олимпидасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті.

    "Олимпиада ойындарының жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков №1 Шымкент қалалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры болып тағайындалды", - деді ол.

    Аталған спорт мектебі 1997 жылы ашылған. Білім ордасы спорттың 8 түрі бойынша жұмыс істейді: каратэ, таеквондо, кикбоксинг, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі.

    Айта кетейік, Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдабеков - бокстан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2000ж.), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1999ж.), Азия Чемпионатының күміс және қола жүлдегері (1999ж. және 2004ж.), Азия ойындарының чемпионы және 2 дүркін жүлдегері (1998,2002 және 2006ж.), Афро-Азия ойындарының күміс жүлдегері (2003ж.).

    Түркістан облысы Мақтарал ауданының құрметті азаматы және "Парасат" орденінің ковалері.

    Спорт саласының майталманына жаңа қызметте сәттілік тілеп, чемпиондар дайындап шығаратынына сенім білдіреміз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.