jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Олимпиада: Елдос Сметов қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға шықты (видео)

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов: olympic.kz, Жеңіс Ысқабай

    Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Сметов жеребе бойынша жарысты екінші айналымнан бастады. Ол алдымен түркиялық Аққұс Михражды мерзімінен бұрын ұтқан болатын.

    Ширек финалда әлем чемпионаттарының жүлдегері, Оңтүстік Корея балуаны Ким Вон Джунмен кездесіп, тағы да мерзімінен бұрын жеңді.

    Кездесу барысында қазақстандық дзюдошы алдымен "ваззари", кейін "иппон" ұпайын еншілеп, таза жеңіске жеткен.

    Токио Олимпиадасының жартылай финалында Елдос Сметов жапониялық спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Наохиса Такатоға қарсы шығады.

    Елдос Сметов - дзюдодан 2015 жылғы әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері.

    Жамбыл облысының тумасы, үйленген. Үш баласы бар.

    Еске салсақ, бұған дейін әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Токио Олимпиадасында жеңіліп қалғанын жазған едік.

    Одан бөлек, боксшы Серік Теміржанов қарсыласын екі рет нокдаунға жібергенін жазған болатынбыз.

    Сонымен қатар, Токиодағы Олимпиада ойындарында академиялық есуден іріктеу сыны басталып, Қазақстан командасының өкілі Владислав Яковлев іріктеудің бірінші айналымын үшінші орынмен аяқтағанын жазғанбыз.

    Олимпиада: Елдос Сметов қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.