jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшылардың екінші легі Токиоға ұшып келді

    Токио-2020
    Фото: Carl Court/Getty Images

    Қазақстандық олимпадашылардың тағы бір тобы Алматыдан Токиоға ұшып келді. Делегация құрамына 44 адам, оның ішінде 23 спортшы, жаттықтырушылар, күрделі ғылыми топтардың мамандары мен әкімшілік қызметкерлері бар деп хабарлайды Olympic.kz. 

    Олимпиадаға еркін және әйелдер күресі, әртістік жүзу, жүзу, көркем гимнастика, бессайыс пен жеңіл атлетика спортының өкілдері келген.

    "Аман-есен ұшып келдік. Олимпиада ауылындағы қазақстандық спортшылар қатарына қосылғанша асықтық. Дайындық пен спортшылардың қалпына келуіне уақыт жетеді деп ойлаймын. Біздің атлеттер Олимпиада ойындарына қарқынды дайындалып, ерекше жігерленіп келді", - дейді әйелдер күресі бойынша вице-президент Гюзель Манюрова. 

    Жапонияға келген соң спортшылар мен жаттықтырушылар карантин аймағында болды. Одан кейін чартерлік рейспен Токиоға жеткен. 

    Жеңіл атлетика бойынша бәсекелер 30 шілдеде басталады. Әйелдер 100 метр қашықтық пен үш қарғып секіру бойынша бақ сынайды. Жарыс жолына Ольга Рыпакова шығады. Ол қазіргі таңда Токиода жаттығып жатыр.

    Сондай-ақ, Ольга Сафронова, Мария Овчинникова, Ирина Эктова да бақ сынайды. Ерлер арасында 400 метр қашықтық бойынша Михаил Литвин 1 тамызда жарысқа қосылады.

    1 тамыздан бастап Эльмира Сыздықова бастаған бұрымды балуандар мен грек-рим күресінің шебері Мейрамбек Айнағұлов белдеседі. 

    2 тамызда әртістік жүзуден Александра мен Екатерина Немичтер, 5 тамызда бессайыс бойынша Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко, 6 тамызда көркем гимнастикадан Алина Әділханова өнер көрсетеді. 

    Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиада ойындарының үш қола медалі бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон жеңіп алды.

    Қазақстандық спортшылардың екінші легі Токиоға ұшып келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.