jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Басшыларды қуу керек": Олимпиадада жеңілген спортшылар Меруерт Түсіпбаеваның ашуына тиді

    Меру
    Меруерт Түсіпбаева. Скриншот: facebook/Мира Тусупбаева

    Әнші Меруерт Түсіпбаева Токио Олимпиадасында жеңіліс тапқан ел спортшыларына қатысты пікір білдірді. Олардың дайындық деңгейіне наразы болған өнер иесі әлемдік додаға қатысқан спортшыларды сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Меруерт Түсіпбаеваның пікірінше, бұл шараға ел атынан барып отырған спортшылар тамыр-таныс арқылы кеткен. Ол саудаға салынған спортқа қатысты өз өкінішін білдірген.

    Жазбада әнші спорт саласындағы жемқорлықты сынға алып, спорт басқармасындағыларды сөккен.

    Меруерт
    Меруерт Түсіпбаеваның жазбасы. Скриншот: facebook/Мира Тусупбаева

    Айта кетейік, бұған дейін Токио Олимпиадасында ел жүлде күткен спортшыларымыз, оның ішінде боксшылар алғашқы кездесуде-ақ жеңіліс тапқан еді.

    Боксшыларымыздың ойынына талдау жасаған Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбырайымовтың айтуынша, олардың бірі үлкен жауапкершілікті көтере алмаса, бірі - психологиялық тұрғыда өзін-өзі ұстай алмаған.

    "Бірақ Қазақстаннан әлі төрт бокшысы шығады. Сондықтан, қалған боксшыларға сенім артамыз және әлі де Қазақстан боксшылары алтын-күміс әкеледі деген сеніміміз мол", - дейді ол.

    Еске сала кетсек, қазір ел қоржынында үш қола медаль бар. Олардың бірі дзюдошы Елдос Сметовке тиесілі болса, екеуін ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло иеленді.

    Ал жалпы командалық есепте Қазақстан жетінші сайыс күннің қортындысы бойынша 56-орында тұр. Үздік үштікте - Қытай, Жапония және АҚШ.

    "Басшыларды қуу керек": Олимпиадада жеңілген спортшылар Меруерт Түсіпбаеваның ашуына тиді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.