jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Әділ Ғалиахметов Бейжің Олимпиадасында жарыс жолынан шығып қалды

    Шорт трек
    Фото: Olympic.kz

    Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен ел намысын қорғаған Әділ Ғалиахметов алғашқы айналымнан өте алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әділ Ғалиахметов Бейжің төрінде 1000 метр қашықтықта сынға түсті.

    Отандасымыз бір шақырымды 1:24:855 уақытта бағындырып, өз тобында үшінші орынға ие болды. Бұл көрсеткіш ширек финалға шығуға жеткен жоқ.

    Әділмен бірге канадалық Паскаль Дион, израильдік Владислав Быканов және оңтүстік кореялық Ли Чун Су өнер көрсетті.

    Бұған қатысты Әділ Ғалиахметов пікір білдіріп, сайыс алдында ешқандай қобалжу болмағанын жеткізді.

    "Қобалжу болды деп айта алмаймын. Мен бұны Олимпиада сияқты қабылдаған жоқпын. Себебі, осындағы барлық спортшылармен үш-төрт жылдай бірге жарысқа шығып жүрмін. Жобамен кімнің қалай өнер көрсететінін білемін.

    Жаттығу кезінде мұз басқаша, бүгін басқаша болды. Бұл да кедергісін келтірді.

    Бұл менің бірінші Олимпиадам. Енді 1500 мен 500 метр қашықтықтарда қателерімді түзеп, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын", - деді шорт трекші.

    Осы орайда Әділ Ғалиахметов өзіне 1500 метр ыңғайлы қашықтық екенін айтты.

    "Ол қашықтықта жарыс өте жылдам басталмайды. Бұл маған ыңғайлы. 500 метрде болса, старттан бастап максималды жылдамдықпен жүгіру керек. Маған ұзын қашықтықтарда жарысқа шыққан ұнайды", - деді отандасымыз.

    Әділ Ғалиахметов Бейжің Олимпиадасында жарыс жолынан шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.