jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев төрт қыздан кейін ұлды болды

    Серік Сәпиев
    фото: sports.kz

    Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиевтің бесінші сәбиі дүниеге келді. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Боксшының жұбайы Мөлдір бесінші перзентін дүниеге әкелді. Осылайша, Сәпиевтер әулетінде төрт қыздан кейін ер бала өмір есігін ашты.

    Бұл ақпаратты қазақстандық жанкүйерлер өзара бөлісуде.

    Айта кетелік, Серік Сәпиев бірнеше жыл бойы бокстан Қазақстан командасының капитаны міндетін атқарды.

    Ол Лондондағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 2005 және 2007 жылы өткен әлем чемпионаттарында топ жарған.

    Спорттан кеткен соң Сәпиев осы салада лауазымды қызметтерді атқарды.

    Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев төрт қыздан кейін ұлды болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.