jitsu gif
Спорт

    "Анашымның қуанғаны қатты әсер етті": Он жылдан соң медаль алған Дәулет Шабанбай ерекше сезімімен бөлісті

    Дәулет Шабанбай Олимпиада медалін алған сәт. Белград, 2022 жыл
    Дәулет Шабанбай. Фото: olympic.kz

    Еркін күрес шебері Дәулет Шабанбай Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Араға он жыл салып Олимпиада медалін алған ол бұл жеңісіне кімнің қатты қуанғанын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Белградтан жеткен сүйінші хабар жанкүйерлерді, оның ішінде, балуанның анасын қатты қуантқан.

    "Қазіргі сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ең әдемі сезім – анашымның осы медальді алғанымды көріп, қатты қуанып, ырза болып отырғаны. Бақыты шексіз анамның. Анамның қуанғанын көріп, мен де балаша қуанудамын. Барша қазақ балуандарын тек өзіне сенуге шақырамын. Өйткені, саған берілген, бұйырған нәрсе ешқашан кетпейді екен. Негізі осыдан жарты жыл бұрын ресми түрде марапаттайтынын естідім. Осы сәтті күттім", – дейді Дәулет.

    Спорттық мансабын аяқтаған Шабанбай өзінің ересектермен, ұлттық құрамамен жұмыс істегісі келетінін жасырған жоқ.

    "Егер кіргізіп жатса, ұлттық құрама жігіттерін дайындағым келеді. Ал кейін өзімнің залымды ашсам, жас балуандарды тәрбиелесем деген мақсатым бар. Бірақ мен күрес залына он жастағы балаларды ғана таңдап аламын. Он жасқа дейін балалар ойнап, ойынын қандырып, алаңсыз, балалықтың дәмін татып өсуі керек. Әке-шешесі тәрбиелеп, рухани түрде дамытса баланы, одан мықты адам шығады", – дейді балуан.

    "Анашымның қуанғаны қатты әсер етті": Он жылдан соң медаль алған Дәулет Шабанбай ерекше сезімімен бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.