jitsu gif
Спорт

    Қысқы Универсиада: биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды

    Бекентай Тұрлыбеков
    Бекентай Тұрлыбеков. Фото: instagram.com/bekentay__

    АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков топ жарды. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін биатлоннан ерлер арасында спринттен жарыс өтті. Қатысушылар 10 шақырымды еңсеру керек болатын. Мәреге бірінші болып Бекентай Тұрлыбеков жетті. Оның көрсеткіші: 27:51,5.

    Америкалық Бьорн Вестервельт 27:59,8 нәтижесімен күміс жүлдегер атанды. Ал қазақстандық Александр Мухин 28:13,7 көрсеткішімен қола жүлдені жеңіп алды.

    Төртінші және бесінші орындарды да Қазақстан құрамасының өкілдері Кирилл Бауэр мен Вадим Куралес бөлісті.

    Айта кетейік, қазір еліміздің қоржынында үш алтын бар. Бұған дейін Данил Васильев (шаңғымен секіру) пен Вадим Куралес (биатлон) биылғы Қысқы Универсиаданың алтын медалін Қазақстанға сыйлаған еді.

    Жалпы 2023 жылғы Қысқы Универсиада 22 қаңтарда аяқталады. Додаға әлемнің 50 елінен 1500-ге жуық студент қатысуда. Олар 12 спорт түрінен сынға түсуде.

    Ал Қазақстан атынан 10 спорт түрінен 78 спортшы қатысуда.

    Қысқы Универсиада: биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.