jitsu gif
Спорт

    Қытайда өтетін Азия ойындарының медалі таныстырылды

    Қытай туы
    ҚХР туы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Күзде Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін он тоғызыншы Азия ойындарының медалі – "Хушань" ресми түрде жарияланды. Бұл туралы Спортты дамыты дирекциясы хабарлайды.

    "Жүлденің формасы 5000 жыл тарихы бар Лянчжу өркениетіне негізделген. Азия ойындарының медальдерінің дизайнында алғаш рет төртбұрышты шаршы нефрит пен дөңгелек медаль біріктірілді. Алдыңғы жағында Ханчжоу қаласының пейзажы бейнеленген; артқы жағы төртбұрышты мөр түрінде жасалған, яғни спортшылар Ханчжоуда өткен Азия ойындарында өз таңбасын қалдыратынын білдіреді.

    "Хушань" ("Шань Шуй") сары құрлық Олимпиадасының маңызды бөлігінің бірі. Бұл қатарда тағы «һ"Қалықтаған толқындар" эмблемасы, "Конгконг", "Ченчен", "Лянлянь" бойтұмарлары, "Әлеммен жүздесу" түс жүйесі мен "Мәңгілік алау" алауы бар", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Азия ойындары 2022 жылы өтуі керек болған. Алайда пандемияға байланысты 2023 жылғы ауыстырылды. Азиада Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйекте басталып, 8 қазанда аяқталады.

    Қытайда өтетін Азия ойындарының медалі таныстырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.