jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Олимпиада лицензиясын сарапқа салатын турнирге қазақстандық алты спортшы қатысады

    Қазақстандық боксшы рингте
    Қазақстандық боксшы рингте. Фото: olympic.kz

    Италияның Бусто-Арсицио аймағында бокстан лицензиялық турнир өтеді. Оған қазақстандық алты спортшы қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Лицензиялық турнир 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында өтеді. Әр салмақта жартылай финалға шыққан боксшылар Париж Олимпиадасына жолдама алады.

    Ұлттық құ­ра­­ма­ның бас бапкері Мыр­зағали Айтжановтың айтуынша, аталмыш турнирге Қазақстан Спартакиадасының жеңімпаздары барады.

    "Алты боксшыны жарысқа қосамыз. Ал Азия ойындарында жолдама мәселесін шешіп қойған Қамшыбек Қоңқабаевты жаттығу жиынына жіберуді ойластырдық", — деді Айтжанов. 

    Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Әзиз Қожамбетов 63,5 келі салмақ дәрежесіндегі лицензиялық турнирге Ертуған Төренов немесе Мұхаммедсабыр Базарбайұлы баруы мүмкін екенін айтты.

    Қазір бокстан Қазақстан командасының қоржынында Олимпиаданың бір жолдамасы бар.

    Олимпиада лицензиясын сарапқа салатын турнирге қазақстандық алты спортшы қатысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.