jitsu gif
Спорт

    "Аукциондағы бағасы 12 мың доллар": Дубайдағы бәйгеде бірінші келген қазақстандық сәйгүліктің иесі кім

    Қазақстандық сәйгүлік Кабирхан
    Қазақстандық сәйгүлік Кабирхан. Фото: facebook.com/redstablesdubai

    Дубайдағы бәйгеде бірінші келген Кабирхан есімді қазақстандық сәйгүліктің иесі Тілек Мұханбетқалиев жеңістен кейін қандай сезімде болғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дала дүбірі Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    12 қаңтарда Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен бәйгеде қазақстандық сәйгүлік Кабирхан мәре сызығын бірінші болып кесті. Алғашында Кабирхан өзге аттардан қалып келе жатқан көрінеді. Сол кезде сәйгүліктің иесі Тілек Мұханбетқалиев қандай сезімде болғанын айтты.

    "Мен теріс қарап отырдым. Тек мәре сызығына 500 метр қалған кезде қарадым. Бәрі "Кабирхан алға!" деп айғалап жатты" — дейді атбегі.

    Тілек Мұханбетқалиев Кабирханды сатып алғанда жылқы 2 жаста болған екен.

    "Мен бұл жылқыны қазақстандық атбегіден сатып алдым. Ал ол кісі Америкадағы аукционнан алған. Кабирханның аукциондағы бағасы 12,5 мың доллар болды", — деді Тілек.

    Кабирхан Ресейде өткен бәйгелерге де қатысыпты.

    "Ресейдегілер бізді менсінген жоқ. Ол жақта бәсекелестік мықты, 6-7 ипподром бар. Кабирхан 6 бәйгеге қатысып, біреуінде ұтылды", — деді Мұханбетқалиев.

    Енді қазақстандық сәйгүлік 26 қаңтар күні Дубайда өтетін тағы бір бәйгеге қосылады. Ол жарыстың жүлдесі – 1 миллион доллар. Кабирхан тағы топ жарса, бірінші орынға 12 миллион доллар берілетін додада бақ сынайды.

    "Аукциондағы бағасы 12 мың доллар": Дубайдағы бәйгеде бірінші келген қазақстандық сәйгүліктің иесі кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.