jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының қанша жолдамасы бар

    Жазғы Олимпиада ойындарының логотипі
    Жазғы Олимпиада ойындарының логотипі. Фото: Chesnot/Getty Images

    Қазақстан ұлттық құрамасы осы уақытқа дейін Париж Олимпиадасына қанша жолдама жеңіп алғаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде (Франция) жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Оған әлемнің 205 елінен 10 мыңнан аса спортшы қатысады деп жоспарланған. Төртжылдықтың басты бәсекесінде 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр.

    Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензиясы бар:

    • бокс – 7 (ерлер 6, әйелдер 1);
    • нысана көздеу – 5;
    • садақ ату – 4;
    • семсерлесу – 4;
    • тас жолдағы велоспорт – 3;
    • қазіргі бессайыс – 2;
    • таэквондо – 2;
    • грек-рим күресі – 1;
    • еркін күрес – 1;
    • спорттық гимнастика – 1;
    • батуттағы гимнастика – 1.

    Қазақстан өңірлерінің ішінде Олимпиадаға лицензия жеңіп алу жөнінен Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу облысы көш бастап тұр. Үш өңірдің де еншісінде бес жолдамадан бар. Кейінгі орындарға ШҚО (4), Астана қаласы (3), Жамбыл (2), СҚО (2), Ақмола (1), Қызылорда (1), Абай (1), Қарағанды (1) және Түркістан облыстары (1) жайғасқан. Ал қалған өңірлерде Олимпиаданың бірде-бір жолдамасы жоқ.

    Париждегі додаға дейін әлі 50-ден аса лицензиялық жарыс болады. Қазақстандық спортшылар әлем чемпионаттары, Азия чемпионаттары және рейтингтік турнирлерге қатысады.

    Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының қанша жолдамасы бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.