jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ризабек Айтмұхан бес дүркін әлем чемпионымен жаттығып жүр

    Абдулрашид Садулаев
    Абдулрашид Садулаев пен Ризабек Айтмұхан. Фото: instagram.com/rr1zabek

    Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Осетияда дағыстандық балуан Абдулрашид Садулаевпен жаттығып жүр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Олимпиадалық салмақтағы қазақстандық балуандар қазір Осетияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олардың ішінде еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да бар. Ризабек жаттығу барысында еркін күрестен бес дүркін әлем чемпионы, екі мәрте Олимпиада жүлдегері Абдулрашид Садулаевпен спаррингке шықты. Қазақстандық балуан Садулаевпен түскен суретін Instagram-дағы парақшасына жариялады.

    "Оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өтіп жатыр", – деп жазды Айтмұхан.

    Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 11-16 сәуір аралығында Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысады.

    Сондай-ақ 19-21 сәуірде Бішкекте (Қырғызстан) күрестен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын бұл жарыста төмендегі еркін күрес шеберлері Қазақстан намысын қорғайды:

    • 57 келі – Мұхтарұлы Ерасыл;
    • 65 келі – Алиев Майис;
    • 74 келі – Нұрқожа Қайпанов;
    • 97 келі – Әлішер Ерғали;
    • 125 келі – Юсуп Батырмурзаев.

    Ризабек Айтмұхан бес дүркін әлем чемпионымен жаттығып жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.