jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Тарихта алғаш рет қазақстандық ауыр атлеттер Олимпиадаға қатыспайды

    Сергей Петрович
    Сергей Петрович. Фото: kazsports.kz

    Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыспайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Пхукетте (Таиландта) өтіп жатқан ауыр атлетикадан лицензиялық әлем кубогында екі қазақстандық cпортшы – Сергей Петрович пен Айнұр Әбдіқалықова Олимпиада жолдамасы үшін бақ сынады.

    Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Сергей Петрович (89 кг) жарысқа С тобында қатысты. Ол жұлқа көтеруде 167 кг, серпе көтеруде 196 кг бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 363 кг еңсерді. Бұл көрсеткішпен Петрович 6-орынға жайғасты.

    Ал Айнұр Әбдіқалықова 49 кг дейінгі олимпиадалық салмақта өнер көрсетіп, С тобында 5-орынға ие болды. Ол жұлқа көтеруде 72, серпе көтеруде 88 кг игеріп, қоссайыс қорытындысында 160 кг бағындырды.

    Осылайша, қазақстандық ауыр атлеттер Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама иелене алмады. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 1996 жылдан бері барлық Олимпиадаға қатысқан еді.

    Тарихта алғаш рет қазақстандық ауыр атлеттер Олимпиадаға қатыспайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.