jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Айдос Сұлтанғали қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Олимпиадаға жолдама алды

    Айдос Сұлтанғали
    Айдос Сұлтанғали. Фото: uww.org

    Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Грек-рим күресінен 60 кг салмақта сынға түскен Айдос Сұлтанғали жартылай финалда Тайбэй өкілі Джуи Чи Хуанганы 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.

    Айта кетейік, Айдос ширек финалда тәжікстандық Асламжон Азизовті 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға өткен еді.

    Бүгін, 21 сәуірде Бішкек боз кілемінде тағы үш қазақстандық балуан Олимпиада жолдамасы үшін белдеседі. Олар: Мейіржан Шермағанбет (67 кг), Демеу Жадыраев (77 кг), Әлімхан Сыздықов (130 кг).

    Қазір Қазақстан қоржынында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы бар: еркін күрес – 3, грек-рим күресі – 2.

    Айдос Сұлтанғали қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Олимпиадаға жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram