jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Олимпиада жолдамасын алған ақтөбелік балуанға жерлестері үй сыйлап, көлік мінгізді

    Батырмұрзаев Юсуф пен бапкері
    Батырмұрзаев Юсуф пен бапкері. Фото: instagram/batyrmyrzaev_yusup

    Ақтөбе облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған Юсуф Батырмұрзаевқа құрмет көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ақтөбе облыстық күрес федерация басшылары Олимпиадаға жолдама алған спортшыға 5 мың АҚШ доллары мен автокөліктің кілтін табыс етті. Ал оның жеке бапкері Бауыржан Нұрмахановқа 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы және қажылыққа жолдама берілді.

    Сондай-ақ, еркін күрестен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған Мейрамбек Қартбай да сыйақыдан құр қалмады.

    Айта кетелік, Юсуф Батырмұрзаев еркін күрестен 125 кг салмақ дәрежесінде Бішкекте өткен Азия аймақтық лицензиялық турнирде жеңіске жетті. Ал Мейрамбек Қартбай еркін күрестен 57 кг салмақта Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.