jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Биыл Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық боксшы әскери ант берді

    Cарбаздар
    Cарбаздар. Фото: gov.kz

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының құрамына кіріп, әскери ант берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрілігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының құрамы 22 спорт шебері және 2 спорт шеберіне үміткермен толықты. Жиырма төрт жас спортшы Отан алдында адал болуға ант берді. Олардың ішінде үшеуі әлем чемпионы, екеуі әлем кубогының жеңімпазы, тоғызы Азия және он алтысы Қазақстан чемпионы. Бұл құрамда Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алған Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да бар.

    Спорт ротасының сарбаздарын Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуов құттықтады.

    "Отанымыздың игілігі жолындағы қызметтерің жақындарың мақтана алатындай абыроймен өтуі керек. Спорттағы және өмірдегі барлық жеңістер елімізге, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне арналсын деген тілегім бар. Қорғаныс министрі армия спортын қашанда қолдайды. Әскердегі қызмет барысында сендерге жарыстарда жаттығуға және өнер көрсетуге барлық жағдай жасалатын болады", - деді Арман Әбеуов.

    Айта кетейік, боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бангкокта (Таиланд) өткен лицензиялық турнирде 63,5 кг салмақ дәрежесінде Олимпиада жолдамасын жеңіп алған еді.

    Биыл Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық боксшы әскери ант берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.