jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстан қоржынына құзға өрмелеуден Олимпиада лицензиясы түсті

    Әмір Маймұратов
    Әмір Маймұратов. Фото: instagram.com/qaz_team_official

    Будапеште (Мажарстан) өткен спорттық құзға өрмелеуден іріктеу турнирінде қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әмір Маймұратов жылдамдық дисциплинасында бақ сынап, финалға дейін жетті. Ол ақтық сында Қытай өкілі У Пэнге есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

    Іріктеу сериясы екі турнирден тұрды. Біріншісі Шанхайда (Қытай) өткен еді. Олимпиадаға жолдама алу үшін екі кезеңде де сәтті өнер көрсетіп, квота алуға мүмкіндік беретін ұпай жинау қажет болды. Маймұратов жалпы есепте үшінші орынға жайғасып, Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

    Еске салайық, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасына 80-85 жолдамамен бару жоспарланып отырғанын айтқан еді. Париждегі жазғы ойындар биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

    Қазақстан қоржынына құзға өрмелеуден Олимпиада лицензиясы түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.