jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Ерлік Сертай
    Ерлік Сертай. Фото: instagram.com/qaz_team_official

    Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ерлік Сертай Кувейттегі құрлық біріншілігінде қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кувейтте семсерлесуден Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде қазақстандық спортшылар медаль үшін бақ сынады.

    Жартылай финалдық кезеңде қазақстандық спортшы Ерлік Сертай Гонконг өкілі Хо Вай Хангтан жеңіліп, 2024 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Жартылай финалға шығу үшін өткен тартыста Ерлік тағы бір қазақстандық спортшы, ұлттық құрама капитаны Эльмир Әлімжановпен кездескен еді.

    Айта кетейік, Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына семсерлесуден Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов және Ерлік Сертайдан тұратын Қазақстан ерлер құрамасы қатысады. Париждегі жазғы ойындар 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

    Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.