jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Өзбекстан – Испания: бүгін Париж Олимпиадасында футбол додасы басталады

    Өзбекстан футбол құрамасының ойыншылары
    Өзбекстан футбол құрамасының ойыншылары. Фото: instagram.com/uzbekistanfa

    Бүгін, 24 шілдеде Парижде (Франция) жазғы Олимпиада аясындағы футбол бәсекелері басталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы футбол жарысына 16 команда қатысады. Олар 4 топқа бөлінген. Әр топтағы үздік екі команда плей-офф кезеңіне өтеді. Матчтарды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

    24 шілдеде болатын футбол жарыстарының кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):

    • 18:00. Аргентина — Марокко (В тобы);
    • 18:00. Өзбекстан — Испания (С тобы);
    • 20:00. Гвинея — Жаңа Зеландия (А тобы);
    • 20:00. Египет — Доминикан Республикасы (С тобы);
    • 22:00. Ирак — Украина (В тобы);
    • 22:00. Жапония — Парагвай (D тобы);
    • 00:00. Франция — АҚШ (А тобы);
    • 00:00. Мали — Израиль (D тобы).

    Айта кетейік, қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасын 25 шілдеден бастайды. Бірінші болып садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері бақ сынайды.

    Өзбекстан – Испания: бүгін Париж Олимпиадасында футбол додасы басталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.