Руслан Курбанов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Опубликовано:
Франция астанасы Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының семсерлесу бәсекесінің алғашқы сайыстары басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Париж Олимпиадасы аясында шпагамен семсерлесу бойынша жекелей сайыстар басталды. Жарыстың 1/16 финалдық кезеңінде қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов марокколық Хусам эль Кордпен кездесті. Үш кезеңннің қорытындысы бойынша қазақстандық семсерлесуші 15:13 есебімен жеңіске жетті.
Руслан Курбанов 1/8 финалдық кезеңінде франциялық Ромен Каннонмен шеберлік байқасады. Бұл кездесу сағат 18:05-те басталады.
Сонымен қатар бүгін шпагамен семсерлесу бойынша жекелей сында Эльмир Әлімжанов жарыс жолына шығады.
Ал тағы бір қазақстандық семсерлесуші Вадим Шарлаимов 1/16 финалдық кезеңінде жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Айта кетейік, дзюдодан 66 кг дейін салмақ дәрежесінде белдесетін Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
- Ғұсман Қырғызбаев татами қожайынын жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті
- Тартысты кездесуде семсерлесуші Вадим Шарлаимов франциялық спортшыдан жеңіліс тапты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2140864-ruslan-kurbanov-olimpiada-oiyndaryndagy-algashqy-zhengisine-qol-zhetkizdi/