
Боксшы Айбек Оралбай Олимпиада ойындарындағы алғашқы жеңісінен кейін сұқбат берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Олимпиада ойындарына әлемнің үздік 16 боксшысы келеді. Әр қарсыласқа жеке әдіс-тәсіл қолданып, дайындаламыз. Бұл жерде осал қарсылас та жоқ. Бірінші жекпе-жек ойдағыдай өтті. Рингты, қарсыласты, залды сезініп, үш раунд жақсы жұмыс істедім. Ел үмітін ақтауға тырысамын. Баршаңызға қолдауларыңызға рахмет", - деді боксшы Айбек Оралбай.
Айта кетейік 1/8 финалдық кезеңінде қазақстандық боксшы нигериялық Олайтан Адам Олаоремен шеберлік байқасты. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Айбек Оралбай төрешілердің бірыңғай шешімімен (30:26, 30:26, 30:26) жеңіске жеткен болатын. Осылайша, боксшымыз ширек финалға жолдама алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2140923-osal-qarsylas-zhoq-aibek-oralbai-bairaqty-basekede-baryn-salatynyn-aitty/