jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

    Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев
    Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев. Фото: Michael Reaves/Getty Images

    Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ғұсман Қырғызбаев сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичпен Олимпиаданың қола жүлдесі үшін белдесті. 66 кг салмақ дәрежесіндегі кездесуде қазақстандық дзюдошы "вазари" ұпайымен жеңді.

    Бұл – Қазақстан қоржынына түскен Париж Олимпиадасының үшінші медалі. Осыған дейін мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаев қола жүлде еншілесе, дзюдошы Елдос Сметов алтын медаль иеленген еді.

    Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде испаниялық дзюдошы Дэвид Гарсиямен кездесіп, қосымша уақытта "вазари" ұпайымен жеңген болатын.

    Кейін ол 1/8 финалда Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан, ал ширек финалда Олимпиада қожайыны – Франция құрамасының спортшысы Валид Кхярдан басым түсті. Алайда Ғұсман жартылай финалда Бразилия өкілі Виллиан Лимаға есе жіберді. Бірақ жарыс жолынан шықпай, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді.

    Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.