jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қарсыласын тоқтата алмады": бас бапкер боксшы Шымбергеновтің Олимпиададағы жеңілісі жөнінде пікір білдірді

    Мырзағали Айтжанов мен Асланбек Шымбергенов
    Мырзағали Айтжанов мен Асланбек Шымбергенов. Фото: olimpic.kz

    Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов команда капитаны, Олимпиаданың алғашқы айналымында қарсыласына есе жіберген Асланбек Шымбергеновтің жеңілісіне пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап хабарлайды.

    28 шілдеде Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары бокс бәсекесінде 71 келіде жұдырықтасқан қазақстандық спортшы Асыланбек Шымбергенов 1/16 финалдық кезеңдегі кездесуін өткізді.

    Алғашқы айналымда қазақстандық боксшы иорданиялық Зейяд Ишаишпен шаршы алаңда шықты. Отандасымыз төрешілердің шешімімен (28:29, 27:30, 30:27, 28:29, 30:27) жарыс жолынан шығып қалды.

    Боксшылардың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Шымбергеновтың жеңілісіне пікір білдірді.

    "Қарсылас оңай емес. Оның алдында да бір-екі рет кездескен. Қарсыласын тоқтата алмады. Жеңісті 3:2 есебімен бізге де, қарсыласқа да беруге болады.

    Төрешілер ұпайдан қысты дей алмаймын. Жеңіске деген құштарлығы басым болғасын, иорданиялық спортшыға берді деп ойлаймын.

    Бұл – Олимпиада, сол үшін бәріне дайын болу керек", - деді Айтжанов.

    Айта кетейік, бұған дейін Асланбек Шымбергеновтің өзі де пікір білдіріп, алғашқы айналымда не себепті есе жібергенін түсіндірген еді.

    "Қарсыласын тоқтата алмады": бас бапкер боксшы Шымбергеновтің Олимпиададағы жеңілісі жөнінде пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.