jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Париж Олимпиадасы: Әйгерім Сарыбай алғашқы айналымда жеңіске жетті

    Әйгерім Сарыбай
    Әйгерім Сарыбай. Фото: Нұрғали Жұмағазы/Спортты дамыту дирекциясы

    Париж Олимпиадасы аясында семсерлесуден әйелдер арасындағы бәсеке басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары аясында семсерлесуден "сабля" санаты бойынша алғашқы айналымдағы сайыстар шымылдығын түрді. Қазақстандық семсерлесуші Әйгерім Сарыбай алғашқы айналымда алжирлік Чайма Бенадудамен кездесті.

    Әйгерім Сарыбай бұл кездесуде алжирлік семсерлесушіден 15:9 есебімен басым түсті.

    Айта кетейік, Әйгерім Сарыбай 2018, 2019, 2022 жылғы Азия чемпионатында командалық бәсеке бойынша қола жүлдені еншілеген.

    Қазіргі таңда ел қоржынында бір алтын, екі қола медаль бар. Олимпиаданың алғашқы күні дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қоланы қанжығасына байлады. Ал күні кеше дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев байрақты бәсекенің қола жүлдесін жеңіп алды.

    Париж Олимпиадасы: Әйгерім Сарыбай алғашқы айналымда жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.