Қазақстандық теннисшілер Париж Олимпиадасында түгел жеңілді
Опубликовано:
Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Недовесов Париж Олимпиадасында жұптық сында өнер көрсетіп, жеңіліске ұшырады. Осылайша, теннистен Қазақстан құрамасы Парижде бірде-бір медаль иелене алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Александр Бублик пен Александр Недовесов Бразилиядан келген жұп Тьяго Монтейро және Тьяго Уайлдқа қарсы ойнады. Бұл бәсекеде бразилиялықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Еске салайық, Александр Бублик жекелей сында АҚШ өкілі Тэйлор Фрицпен кездесіп, 2:0 (4:6, 4:6) есебімен жеңіліп қалған еді. Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко Олимпиаданың алғашқы айналымында чехиялық Якуб Меншикке есе жіберген болатын (3:6, 4:6).
Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиадаға қатыспады. Юлия Путинцева да тізесін жарақаттап алып, төрт жылдықтың басты бәсекесінен шет қалған болатын.
- "Толық дайындалмай келдім": Данияр Шамшаев Париж Олимпиадасында неге жеңіліп қалғанын айтты
- Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін қорапта не бар екенін көрсетті (видео)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2141386-qazaqstandyq-tennisshiler-parizh-olimpiadasynda-zhuptyq-synda-zhengiliske-ushyrady/