jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, Париж Олимпиадасын аяқтады

    Қамшыбек Қоңқабаев пен Аюб Дрисси
    Қамшыбек Қоңқабаев пен Аюб Дрисси. Фото: MOHD RASFAN/AFP via Getty Images

    Париж Олимпиадасы аясында бокс бәсекесінен +92 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары аясындағы бокс бәсекелері жалғасып жатыр. +92 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев 1/8 финалда испаниялық спортшы Аюб Гадфа Дриссимен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жектің нәтижесі бойынша Қамшыбек 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша 32 жастағы боксшы үшін Париж Олимпиадасы аяқталды. Ал Аюбтың ширек финалдағы қарсыласы армениялық Давид Чалоян. Аталмыш жекпе-жек 3 тамызға жоспарланған.

    Айта кетейік, тағы бір қазақстандық спортшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 1/8 финалда тайбэйлік спортшы Чу Ен Лаймен қолғап түйістірген еді. Нәтижесінде Мұхаммедсабыр 3:2 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.

    Ел қоржынында Париж Олимпиадасының 3 жүлдесі бар. Қазақстандық спортшылар 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды. Дзюдодан Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, ату спортынан жалпы командалық сайыста Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қолаға қол жеткізді. Тағы бір қоланы дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев иеленді.

    Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, Париж Олимпиадасын аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.