jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Әділбек Мусин жартылай финалға жолдама ала алмады

    Әділбек Мусин жарыс кезінде
    Әділбек Мусин. Фото: Тұрар Қазанғапов

    Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісі бойынша жүзуден Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінен аса алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    100 метрге баттерфляй әдісі бойынша жүзуден ерлер арасындағы сында Қазақстан атынан Әділбек Мусин қатысты. Аталмыш бәсекеге 40 спортшы қатысты. Олардың ішіндегі үздік шыққан 16 жүзгіш жартылай финалға жолдама алады.

    Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин 52,74 секундты тіркеп, 29-орынға тұрақтады. Осылайша қазақстандық жүзгіш жартылай финалдық кезеңге шыға алмады.

    Қазақстандық спортшы 100 метрге еркін жүзуден Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңіне қатысып, келесі кезеңге жолдама ала алмады.

    Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін жалғасын табады.

    Қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Олимпиада ойындарындағы алты жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы медаль кестесінде Бельгия және Ирландия құрамаларымен 20-орында тұр.

    Әділбек Мусин жартылай финалға жолдама ала алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.