jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Назым Қызайбай Олимпиада жүлдегерін жеңіп, жартылай финалға өтті

    Назым Қызайбай мен Ингрит Валенсия арасындағы жекпе-жек
    Назым Қызайбай мен Ингрит Валенсия арасындағы жекпе-жек. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Назым Қызайбай ширек финалда Колумбия спортшысы Ингрит Валенсиямен кездесті. 50 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (4:1).

    Айта кетейік, Назым Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы болса, Ингрит Валенсия Рио-2016 Олимпиадасында қола жүлде иеленген.

    Енді Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшы Ву Юмен жұдырықтасады. Жеңсе, алтын медальға таласады. Ал жеңіліс тапса, қола жүлде еншілейді. Жекпе-жек 7 тамызға қараған түні 01:00-де болады.

    Осыған дейін қазақстандық боксшы қыздар Карина Ибрагимова (57 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) алғашқы жекпе-жекте жеңіліп, Олимпиаданы аяқтаған еді.

    Ерлер арасында тек Нұрбек Оралбай (80 кг) жартылай финалға жолдама алды. Ал Айбек Оралбай (92 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) және Cәкен Бибосынов (51 кг) жарыс жолынан шығып қалды.

    Назым Қызайбай Олимпиада жүлдегерін жеңіп, жартылай финалға өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.