jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын "капитан" әскери атағы берілді

    Ғұсман Қырғызбаев
    Ғұсман Қырғызбаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын "капитан" әскери атағы берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аға лейтенант Ғұсман Қырғызбаев – Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі.

    "Отан алдындағы ерекше еңбегі, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жетістіктері және кәсібилігі үшін Ғұсманға және оның егіз сыңары, Орталық спорт клубы дзюдодан команданың бөлімше бастығы - аға жаттықтырушысы Ғұмар Қырғызбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті "капитан" әскери атағы мерзімінен бұрын беріледі", - деді Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов.

    Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевқа "капитан" әскери атағын Олимпиада қорытындысы бойынша спортшыларға құрмет көрсету кезінде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тапсырмақ.

    Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында 66 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол үшінші орынға таласта сербиялық спортшы Страхинья Бунчичті жеңіп, қола жүлде еншілеген еді. Осыған дейін Қазақстан дзюдо федерациясының өкілдері Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізгенін жазған едік.

    Ғұсман Қырғызбаевты күтіп алу сәті
    Ғұсман Қырғызбаевты күтіп алу сәті. Фото: t.me/modgovkz

    Ғұсман Қырғызбаевты күтіп алу сәті
    Ғұсман Қырғызбаевты күтіп алу сәті. Фото: t.me/modgovkz

    Ғұсман Қырғызбаевты күтіп алу сәті
    Ғұсман Қырғызбаевты күтіп алу сәті. Фото: t.me/modgovkz

    Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын "капитан" әскери атағы берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.